Бүкіләлемдік Таеквондо Федерациясы (WTF) "Жыл федерациясы" атағына ие болды

13:18 | 25 қараша 2016

Бүкіләлемдік Таеквондо Федерациясы (WTF) спорт арқылы әлеуметтік интеграция мен бейбітшіліктің дамуына бағалы үлес қосқан "Бүкіләлемдік Таеквондо Федерациясының қамқорлық бағдарламасы" үшін «Жыл федерациясы» санатындағы "Бейбітшілік және Спорт Сыйлығы 2016"-мен (Peace and Sports Awards 2016) марапатталды.

"Бүкіләлемдік Таеквондо Федерациясының қамқорлық бағдарламасы" озінің 207 мүшелерінің арасында таеквондоны дамыту, әсіресе азшылық топтардың немесе босқындардың қатысуымен өтетін бағдарламалары арқылы таеквондоны насихаттау мақсатында құрылған болатын.

"Бейбітшілік және Спорт Сыйлығы 2016" өзімен аттас халықаралық форумы аясында Монакода өтті. Онда 70 мемлекеттен келген 500-ге жуық адам қатысты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар