АЗИЯ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫНЫҢ АЛЛЕЯСЫ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА

15:55 | 25 сәуір 2017

Атырау қаласында жастар арасында таеквондодан Азия чемпионаты өтуде. 19-24 сәуір аралығында Атырау хылқын үлкен спорт мерекесі күтіп тұр.

Үлкен доданың барысында Арман Хайрулин бастаған Экологиялық «Байтақ Болашақ» альянсы үлкен жобаны іске асыруды жөн санапты. Атырау қаласының тазалығына, табиғатына алаңдаған топ қалаға ағаштар отырғызып, елдің көркейуіне өз үлестерін қоспақшы.

Бүгін осынау игі бастаманы Азия еліне келген 25 елдің өкілдері қостап жіберді. Жарыс өтіп жатқан Орталық сауықтыру кешенінің алдында Азия таеквондошыларының аллеясы пайда болды. Шараға таеквондо Азия бірлестігінің президенті Ли Куи Сиюктің өзі қатысты.

«Ағаш отырғызу өте жақсы қолға алынған іс. Азия чемпионатында осындай керемет бастамаларды ұйымдастырушыларға ерекше алғысымды айтамын. Жастар табиғатты аялауды үйрену керек. Бірнеше жылдан кейін спортшылар Атырау қаласына келгенде өзінің осында бүгін отырғызған ағашын іздейді деген үміттемін», — дейді Ли Сиюк.

Одан бөлек ағаш отырғызу шарасына Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстандағы Олимпиададан жүлде алған тұңғыш әрі жалғыз таеквондошы Арман Чилманов, ҚР таеквондо федерациясының атқарушы директоры М. Ибраев және Атырау облысы таеквондо федерациясының президенті Арман Тугаев қатысты.

25 елдің өкілдері де өз ағаштарын отырғызып, елдерінің аты жазылған тақтайшаны орнатып кетті.

dodasport.kz

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар