КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГІ 2017

15:11 | 21 шілде 2017

22.07.2017 күні сағат: 15:00-де Конфедерация кубогі 2017 жарысының жеребе тарту рәсімі өтеді.

Күш қолданылатын спорт түрлері және спорттық жекпе-жек конфедерациясының ұйымдастыруымен биыл екінші рет «Конфедерация кубогі» өтеді. Жеребе тарту рәсіміне Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысады. Аталған жарысқа еліміздің 16 өңірінің саңлақтары спорттың 5 түрінен жарысқа түседі. Жарыстың ерекшелігі бір мезетте көрермендер бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таеквондо спорт түрлері бойынша сайыстарды тамашалай алады. 16 команда 4 топқа бөлінің қазан айында Ақтау, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында іріктеу кезеңдерін өткізеді. Сол жарыста әр спорт түрі бойынша үздік шыққан командалар желтоқсан айының 2-3 аралығында Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңде бақтарын сынайтын болады. Жүлде қоры 125 000 000 теңгені құрайды. Спорт түрі бойынша жеңіске жеткен команда 25 000 000 теңгеге ие болады.

Өтетін орны: Астана қ. «Керуен» ОСО, 3- қабат.

22.07.2017 күні сағат: 15:00-де

Байланыс: 280-992, 8 708 333 87 36 Бақытбек Хамит

Email: bahytbek_hamit@mail.rupublic@confederation.kz

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар