Елордада «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы өтеді

22:59 | 30 қазан 2017

1 қараша күні спорт қауымдастығы Пхенчхан-2018 қысқы Олимпиада Ойындарына дейін 100 күнін атап өтпек.

Елордада бүл күні сағат 19.00 -де Ұлттық Олимпиадалық комитеті Астана қ. әкімдігімен бірлесіп ұйымдастыратын «Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы басталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келер жылдың қпан айында өтетін Ақ Олимпиадада ел намысын қорғайтын отандық спортшыларды қолдау мақсатында Олимпиадаға дейін қалған 100 күн аталып өтпек.

Шараға қазақстандық танымал спортшылармен қатар спорт сүйер елорда тұрғындары мен қонақтары қатысып, Қазақстан құрамасына өз қолдауларын білдіре алады.


0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар