АСТАНАДА СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚР ҰОК СЕМИНАРЫ АЯҚТАЛДЫ

11:16 | 24 сәуір 2018

Астанада «Спор ұйымдарындағы коммуникация мен маркетинг. Спорт журналистикасындағы жаңа трендттер» атты семинар-мәслихаты аяқталды.

Семинардың бірінші күні спорт ұйымдарындағы маркетинг пен баспасөз-қызметінің жұмысына байланысты болса, екінші күнінде спорт комментаторлар өз тәжірибесімен бөлісті.

Белгілі ресейлік спорт комментаторлар Юрий Розанов, Александр Кузмак, Дмитрий Васильев пен Константин Выборнов үш сағат бойы өз тәжірибелерімен бөлісіп, бұл салаға қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, белгілі футбол комментаторы Юрий Розанов спорт комментаторларына арнап спорт мектебін ашатынын жариялады.

Биатлоннан екі дүркін Олимпиада чемпионы Дмитрий Васильев үлкен спорт шараларында қалай дұрыс қызмет көрсету туралы айтып берді.

Аталмыш семинар Астананың «Қазмедиа Орталығында» өтті.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар