Жаңалықтар

11:35 | 14 мамыр 2015
Феруза Ергешова әлем біріншілігіндегі алғашқы кездесуінде Азия ойындарының чемпионын жарыстан шығарып тастады. 67 келе салмаққа дейін Челябі даянгісіне шыққан ару қызымыз үш раундтың қорытындысы бойынша Камбоджа өкілі Сивмей Сорнды 9:6 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Сорн 2014 жылы Оңтүстік Кореяның, Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында үздік атанып, алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.
11:11 | 14 мамыр 2015
Арман Нукештаев таеквондодан (WTF) әлем чемпионатымен қош айтысты. Өкінішке орай біріншіліктен жүлделі оралуға тағы бір мүмкіндікті мүлт жіберіп алдық. 68 келе салмақта ел намысын қорғамақ болған жас өреніміз екінші айналымда аспан асты елінің өкілі Джианнан Хуангқа жол беріп қойды. Кездесу тең деңгейде басталып, Арман ширақ қымылдарымен көзге түсті. Дегенмен де, тәжірибелі қытайлық өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып жеңіске жетті. Қорытынды есеп…
09:47 | 14 мамыр 2015
Таеквондодан Әлем чемпионатының үшінші күні Арман Нукештаевтың жеңісімен басталды. 68 келеге дейінгі салмақ дәрежесінде тарланымыз Макао өкілі Чи Фай Пунның тас талқанын шығарып, кездесуде уақытынан бұрын аяқтады. Қорытынды есеп 29:9. Біз келесі айналымға шықтық.
15:13 | 13 мамыр 2015
Абылқас Ержан таеквондодан (WTF) әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады. 74 келе салмақта өнер көрсететін арланымыз екінші айналымда сүрініп, Португалия өкілі Жулио Ферейраға жол беріп қойды. Тартысты кездесуде аяқ пен бойдың ұзындығын сәтті пайдаланған батыс Еуропа тарланы 11:3 есебімен айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Мұндай бастаманы ешкім күтпесе керек. Бапкерлер ертеңгі күнге саңылақтарымызды қандай дайындық-өзгерістермен шығаратынын көре жатармыз. Қандай да бір бағыт ұлттық…
13:25 | 13 мамыр 2015
Абылқас Ержан таеквондодан (WTF) әлем чемпионатының алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады. 74 келе салмаққа дейін сынға түскен жерлесіміз 3 раундта Канада өкілі Халид Хасанды тізе бүктірді. Қорытынды есеп 14:8. Келесі кездесуді тағатсыздана күтеміз.

Әлеуметтік желідегі парақшалар