Қаз

АЛЕКСАНДР ТЕН ПУМСЕДЕН ОНЛАЙН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Александр Тен таеквондо-пумседен G-2 Muju Korea категориясында өткен онлайн әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Александр 17 жастан асқан спортшылар арасында жекелей сында фристайлда бақ сынады.

Әлемнің 13 елінен қатысқан 13 спортшының өнерін білікті төрешілер бағалады.

Айта кетерлігі, қазақстандық спортшы турнирде АҚШ-тан келген қарсыласымен бірдей ұпай еншілеген болатын. Алайда ұпайды есептеу ережесіне сәйкес, жеңіс американдыққа берілді. Ал бірінші орын жарыс иесіне бұйырды.

https://www.youtube.com/watch?v=rjdeZpwxf2A