Жаңалықтар

16:03 | 18 мамыр 2018
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Қазақстанның Олимпиадалық командасының ою-өрнегін жасауға арналған байқаудың басталғанын хабарлайды.Байқаудың басты мақсаты – олимпиадалық қозғалысты, салауатты өмір салты мен спортты шығармашылық арқылы кеңінен насихаттау. Олимпиадалық Хартияның басты қағидаларының бірі - спорт, мәдениет және білім беруді байланыстыру. Байқаудың тақырыбы – Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертетін, Олимпизм идеологиясымен байланысы бар, Қазақстан командасын айқындайтың өрнек жасау. Байқауға техникалық…
18:12 | 17 мамыр 2018
2018 жылы Вьетнам жерінде өтетін таеквондодан (WT) Азия чемпионатында өнер көрсететін құрама мүшелері белгілі болды. 24-27 мамыр күндері Хошимин қаласына:Ерлер:Шайкенов Айтуар (54кг)Серікбаев Әлімжан (63кг)Қайырбек Ерасыл (68кг)Сарымсақов Қайрат (74кг)Қожахмет Нұрқанат (74кг)Әділханов Рахым (80кг)Дүйсебай Смайыл (87кг)Жапаров Руслан (+87кг)Әйелдер:Есбергенова Айнұр (49кг)Ералхан Балауса (49кг)Төлепбергенова Маржан (57кг)Бибалаева Гүлім (62кг)Мансурова Бану (67кг)Дениз Джансель (73кг)Ерксимова Ақсәуле (73кг)Жунусова Мереке (+73кг) аттанады.Спортшыларамызға сәттілік тілейміз!
19:30 | 09 мамыр 2018
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке.Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
02:43 | 07 мамыр 2018
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.
01:44 | 07 мамыр 2018
Мәскеу қаласында таеквондоан 0(WT) "Патриот" жалпыресей жарысы өз мәресіне жетті."Янтарь" спорт кешенінде өткен турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының кадеттер арасындағы құрамасы командалық бірінші орынға ие болды! Бас бапкері Мырзағали Сұрановтың бастамасымен өнер көрсеткен спортшыларымызды құттықтаймыз!

Әлеуметтік желідегі парақшалар