Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Дел’Акиламен шеберлік байқасты.
Алғашқы кезеңде 12:6 есебімен басымдық танытқан Самирхон соңғы екі кезеңде қарсыласқа есе жіберіп алды. Есеп 2:1 (6:12, 4:3, 7:4).
Фото: Сали Сабиров/ҰОҚ