Қаз

Қазақстан Республикасындағы таеквондо тарихының дамуы

Таеквондоның тамыры тереңде жатса да, жеке жауынгерлік өнер ретінде жуырда ғана рәсімделді. Қазақстанда ресми түрде жекпе-жектің бұл түрі кейінірек, 1991 жылы пайда болды. Сол кезде жас әрі өз бетімен дамуды қолға алған республикамызда таеквондо федерациясы (WT) құрылды. Спорттық ұйымның іргетасы әлемге аты танылған екі адамның: Мұстафа Өзтүрік пен Бексейіт Түлкиевтің атымен тығыз байланысты.

Мұстафа Өзтүрік туралы әңгіме бөлек. Саңлақ туралы көп әрі ұзақ айтуға болады. Ол 1954 жылы Түркияда дүниеге келген. Оның отбасы қазақтың қоныс аударушылары болған. 1975 жылы Тайбэй қаласындағы Халықаралық саясат университетіне оқуға түсіп, 1980 жылы Тайвань қаласында халықаралық журналист мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Бірақ оның жетістіктері тікелей таеквондомен байланысты. Мұстафа Өзтүрік осы спорт түрінен әлем чемпионаттарында алты рет жеңіске жетіп, жетінші дан қара белбеуге қол жеткізді. Түркиядағы нәтижелі жекпе-жектерінің арқасында Мұстафа жауынгерлік өнер туралы фильмдерге түсуге шақырту ала бастады. Оның еншісінде 60 кино әртісінің рөлі бар.

Осындай спорттық шеберліктің иесі Мұстафа басқа адамдармен осы тәжірибесімен бөлісті. Спортшы Германияға қоныс ауыстырғаннан кейін, ол Мюнхенде таеквондодан Мұстафа атындағы мектеп ашты. Тағы бір мектеп Ыстамбұл қаласында жұмыс істейді. Аталмыш мектеп шәірттері халықаралық жарыстарда үздік өнер көрсетіп келеді.

1990 жылы әртіс, спортшы және ұстаз тарихи Отаны Қазақстанға оралды. Араға бір жыл салып ол ҚР Таеквондо федерациясын (WT) құрып, елде осы спорттың түрін дамытуға бел сыбана кірісіп кетті. 1992 жылы Мұстафа Қазақстан азаматтығын алып, 1993 жылы қазақстандық федерацияның Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының құрамына енуіне орасан үлесін қосты. Өкінішке қарай, 1995 жылы мезгілсіз қайтыс болды.

Федерацияның тұңғыш президенті болып қазақ халқының ұлы Бексейіт Түлкиев тағайындалды. Ол таеквондомен КСРО-да жауынгерлік өнердің тыйым салынған уақытында айналыса бастаған. Ол Мұстафа Өзтүрікпен дос бола жүріп, оған Федерацияны құру үшін бағыт-бағдар берген болатын. 1995 жылы әскери қызметкерлер арасындағы 7-әлем чемпионатында қазақстандық таеквондошылар Корея Республикасынан кейінгі командалық екінші орынға алғаш рет қол жеткізді. Жерлестеріміздің еншісінде бір күміс және екі қола медаль бар.

Бексейіт Түлкиев те бұл өмірден ерте, 1998 жылы қайғылы қазадан көз жұмды. Эстафетаны таеквондодан жетінші дан қара белбеу иесі, Ұлттық олимпиадалық комитеттің мүшесі Шамсат Жақсылықұлы Исабеков қолына алды. Жаңа басшының жаттықтырушылық ерен еңбегінің арқасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында федерация Арман Чилманов иеленген қола медальмен көзге түсті.

Федерация жоспарында түрлі турнирлер мен жарыстардың жаңа жеңістері бар. Қазір Қазақстанда таеквондомен 20 мыңнан астам спортшы айналысады, күн санап бұл спорт түрімен айналысатындар қатары артып келеді. Бұл дегеніміз, алда әлі талай биік белес бағынады деген сөз.