Қазақстандық таеквондошылар Ресей Федерациясының Мәскеу облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Сегіз елден жиналған 120 спортшы «Парамоново» халықаралық шаңғы-бобслей кешенінде шеберлігін шыңдауда. Қазақстан құрамасынан бөлек оқу-жаттығу жиындарына Беларусь, Гонконг, Үндістан, Мали, Пәкістан, Таиланд және Ресей Федерациясының таеквондошылары қатысуда.