Қаз

РУСЛАН ЖАПАРОВ WT ТАЕКВОНДОДАН АЗИЯ АЙМАҚТЫҚ ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА

WT таеквондодан Азия аймақтық іріктеу турнирі, Амман қ. (Иордания), 22 мамыр 2021 жыл.

Жартылай финалдық кездесуде, 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Руслан Жапаров (Қазақстан) Али Акбар Амириді (Дүниежүзілік таэквондо) 31:20 есебімен жеңіп, ақтық мәреге сенімді түрде шығады.

Осылайша, Жапаров елімізге Токио-2020-ға екінші Олимпиадалық жолдамасын әкеледі!