Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде 10-11 жастағы балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын дайындау және өткізу тақырыбы бекітілді.
Отырыс барысында 10-11 жастағы балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын Ақтау қаласында, 2023 жылдың 22 маусым мен 26 маусым аралығында өткізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, отырыста басқа салмақ категорияларын енгізу мәселесі талқыланды.