Қаз

ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ШЕТЕЛДІК МАМАННЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ХАНЧЖОУ-2023 ДАЙЫНДАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ШЕТЕЛДІК МАМАННЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ХАНЧЖОУ-2023 ДАЙЫНДАЛАДЫ

Таеквондодан Қазақстанның құрама командасың Азия ойындарына дайындау шеңберінде команданың жаттықтырушы-кеңесшісі болып Ким Кванг Су тағайындалды, ал аға-жаттықтырушы Нұрсұлтан Мамаев болды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Ким Кванг Су – Кореядан келген тәжірибелі және білікті маман. Жаттықтырушылық мансабын Ким 1994 жылы Чунчон қаласының (Корея) құрама командасында бастады. Айта кету керек, маман Францияның Ұлттық командасын да жаттықтырды.

Нұрсұлтан Мамаев Олимпиада ойындарының қатысушысы. Ол сондай-ақ жасөспірімдер Олимпиадасының, Азия ойындарының және басқа да халықаралық турнирлердің жүлдегері атанды. Мамаевтың басшылығымен Шымкент қаласының құрама командасы республикалық турнирлерде ғана емес, халықаралық турнирлерде де жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Мамандар өз міндеттеріне кірісті. Бүгін біздің командамыз Кореяға және одан әрі Тайландқа сапар шегеді, онда Ұлттық құрамалармен бірге Азия ойындарына дайындалады.

Ким Кванг судың көмегімен Қазақстан мен Корея командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өту маңызды. Мұндай іс-шаралар спортшыларға сапалы дайындық, кәсіби өсу және жан-жақты даму үшін қажет.