Қаз

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ПАРИЖДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ПАРИЖДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2024 жылғы Париж Олимпиадасында таеквондодан жеребе тартылды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

58 келіге дейін салмақта бақ сынайтын қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Дел’Акиламен шеберлік байқасады. Бұл кездесу ертең, 7 тамыз күні, 1/8 финал аясында өтеді. 

9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы — Исмаил Кулибали (Мали).