Қаз

ҚТФ ЕСБОЛ СҰЛТАНОВТЫ 2024 ЖЫЛЫ ПАРИЖДЕ ӨТКЕН ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫНЫҢ СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТУІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚТФ ЕСБОЛ СҰЛТАНОВТЫ 2024 ЖЫЛЫ ПАРИЖДЕ ӨТКЕН ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫНЫҢ СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТУІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Есбол Сұлтановтың Қазақстандағы көп жылдық тәжірибесі және ҰҚК аға жаттықтырушысы (2022-2024 жж.) қызметі оның жаттықтырушы ретінде өсуіне көмектесті. Елімізде жұмыс істеген кездегі нәтижелер соншалықты биік белестерге жете алмағанымен, қазақстандық бапкердің кәсіби шеберлігі халықаралық аренада танылғанына қуанамыз.

Бұл жетістіктер – адалдық пен қажырлы еңбектің табысты нәтижелерге әкелетінінің жарқын мысалы!

Естеріңізге сала кетейік, Есбол Сұлтанов Тунис таеквондо командасымен 2023 жылдың қыркүйегінде жұмыс істей бастаған. Оның жетекшілігімен спортшылар Фирас Катусси мен Мохамед Халиль Джендуби 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада алтын және қола медаль жеңіп алды, бұл олардың спорттық мансабындағы үлкен жетістік.

Айта кетейік, бұл Мұхамед Халиль Джендуби үшін Олимпиада даянгындағы алғашқы сәтті өнер көрсету емес. Африканың бірнеше дүркін чемпионы, 2022 жылғы әлем чемпионатының және 2018 жылғы Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар Токио-2020 күміс жүлдегері. Фирас Катусси өз кезегінде Африка чемпионы, 2019 жылғы әскерилер бойынша әлем чемпионы, сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.