Таразда Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған А санатындағы халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Үш күнге созылатын аламанда 10-11 жас аралығындағы балалар, сонымен қатар жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында 750 таеквондошы бақ сынауда.
Айта кетейік, Бексейіт Түлкиев — Қазақстан таеквондо федерациясының негізін қалаушылардың бірі.