Қаз

НҰРАЛЫ САЛТАНАТ: МЕНІҢ ОЙЫМША ҮЗДІК СПОРТШЫ ДЕП САМИРХОН АБАБАКИРОВ ПЕН БАТЫРХАН ТОЛЕУҒАЛИДІ АТАП АЙТАР ЕДІМ

НҰРАЛЫ САЛТАНАТ: МЕНІҢ ОЙЫМША ҮЗДІК СПОРТШЫ ДЕП САМИРХОН АБАБАКИРОВ ПЕН БАТЫРХАН ТОЛЕУҒАЛИДІ АТАП АЙТАР ЕДІМ

Таеквондо жанкүйері, ерікті, «Taek.wondomarket» парақшасының администраторы – Нұралы Салтанат.

Өзіңіз олимпиадалық таеквондо спорт түріменайналыстыңыз ба? 

Мен, таеквондомен 6-шы сыныптан бастап айналыстым. Олкезде тек жеке қызығушылықпен басқа мектептегібалалармен бірге барғанмын. Кейін жоғары оқу орнынатүсіп, сабақтың көптігінен спорттан кетуге тура келді. Бірақдәл қазіргі сәтке дейін мен үлкен жанкүйермін.

Таеквондо спорты Сізді несімен қызықтырып алды?

Таеквондо спортына бірінші келгенде мен үшін жаңа спорт түрі болды. Қызықтыратын тұстары өте көп еді. Аяқтың ұрутәсілдері, қолменде бірге жұмыс жасау деген секілді жәнеортақ физикалық жаттығулар. 

Таеквондода бірге жаттығу кезінде жаңа достар таптымсонымен қатар уақытты пайдалы өткіздім деп айта аламын. 

Қазіргі таңда сол қызығушылығымның арқасындатаеквондо спортына керек жабдықтарды сататын шағынонлайн дүкенін аштым. Өзім осы спорт түрін жақсыбілгендіктен, спортшыларды жақсы, сапалы заттарымен қамтамасыз етуді тырысамын.

Әлемдегі және Қазақстандағы ең сүйіктітаеквондошылар, сіздің ойыңызша үздік спортшы? 

Әлемдік жарыстарда өнер көрсететін сүйікті спортшыларым және жарыстарын жібермей қарайтын таеквондошыларымкөп. Ешкімді бөліп жарғым келмейді. 

Қазақстан таеквондошыларына жанкүйер болғандықтан,олардың барлығы менің сүйікті спортшыларым. Меніңойымша үздік спортшы деп осы жылы Париж Олимпиадасына жолдамаларын жеңіп алған СамирхонАбабакиров пен Батырхан Толеуғалиді атап айтар едім. 

Таеквондодан қандай жарыстарға қатыстыңыз жәнеқандай жарысқа қатысу арманыңыз? 

Өзім таеквондомен айналысып жүргенде түрлі жарыстарғақатыстым. Оның ішінде облыстық және республикалықтурнирлер. 

Қазақстан Чемпионатынан 3 орын иегерімін, ол сәт әлікүнге дейін есімде. Негізі айта кетсем жарысқа қатысуарманым болмапты, соған қарамастан таеквондоменқызығып шұғылдандым. 

Жалпы айтатын болсам, қазіргі күні, Қытай еліндетұрғандықтан, жергілікті және халықаралық жарыстарғажиі барамын, ерікті ретінде қатысамын, нақты айтсам аудармашы болып көмектесемін және біздің елдіңспортшыларына жанкүйер. 

Соның ішінде 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласындаөткен 19-шы Азия ойындары, Уси қаласында жыл сайынөткізілетін Грэнд Слэм (үлкен дулыға) халықаралықтурнирі, осы жылдың наурыз айында болған Париж Олимпиадасына арналған Азиялық іріктеу жарысы, жақында Вьетнамның Дананг қаласында өткен Азия біріншілігі, мен барлық аталып өткен жарыстарға қатысып, қытайшадан қазақ, орыс тілдеріне аудармашы болыпкөмегімді көрсеттім. Келесі жылы Қытайдың Уси қаласындатаеквондодан Әлем біріншілігі өтеді, ол жарысқа да барыпбіздің спортшыларды қолдап, қытай тілінен аудармашыболып көмегімді көрсетемін деп үміттенемін. 

Азия мемлекеттері өзіме жақын болғандықтан, біздіңтаеквондошылар қатысатын жарыстарға үзбей барыпжанкүйер болып, қолымнан келген көмегімді көрсетемін. Арманым, болашақта Европа елдерінде өтетін ірі үлкенжарыстарға бару және сол атмосфераны сезіну.


Қазақстандық таеквондо туралы ойыңыз?

Кезіндегі Қазақстан таеквондосы мен қазіргі таңдағытаеквондоны салыстыра келе өте көп өзгеріс байқадым. Таеквондо федерациясының, жаттықтырушылардың атқарған үлкен жұмысы, жетістікке жеткен спортшылар, халықаралық жарыстарда өнер көрсету, оқу-жаттығужиындары дегендей бәрі жоғары деңгейде екенін көріпкелеміз. Еліміздің таеквондошыларына өте жақсы жағдайжасалған. 

Біздің спортшыларымыз болашақта жеңіс тұғырынбағындырып, көк тудың әлі талай желбірейтініне сенемін.