Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, өзгерістер Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын Қалыптастыру қағидаларына қатысты болды.
«Бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарыстары, таеквондо WTF бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы (бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарыстары, таеквондо WTF бойынша ұлттық құрама командасы) негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамы жеңімпаздар мен жүлдегерлер болып табылатын, сондай-ақ жылдың басты республикалық немесе басты халықаралық спорттық жарыстарында 8 орынға дейін қоса алғанда иеленген спортшылардың қатарынан қалыптастырылады».
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР құрама және штаттық құрама командаларының құрамы жылдың басты республикалық немесе басты халықаралық спорт жарыстарында 1-3 орын алған спортшылар қатарынан құрылған болатын.
Өзгерістер мен толықтырулардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.