Қаз

ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

Қазақстан таеквондо федерациясы (WT) хабарлайды:

Федерация Президентінің шешімімен спорт мәселелері жөніндегі Вице-президент Қайрат Дүйсеновтің өкілеттігі 2023 жылғы 15 мамырдан бастап тоқтатылды.

Спорт мәселелері жөніндегі жаңа Вице-президент болып Арман Чилманов тағайындалды.

Осылайша, Вице-президенттер мен Бас хатшының өкілеттіктері келесідей:

• Сагынаев К.Т. – Федерацияның әкімшілік-басқару қызметі аппаратының мәселелері мен қаржыландыру сұрақтары;

• Кондыбаев Ш.А. – төрешілер корпусының Вице-президент;

• Чилманов А.К. – республикалық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен өзара байланыс сұрақтары;

• Жусупов М.А. – пара таеквондоны дамыту мәселелері;

• Бесбаев О.Т. (Бас хатшы) – ҚР ҰҚК қамтамасыз ету және өзара байланыс.