Түркістан облысының таеквондо (WT) федерациясының конференциясы: фото репортаж
Түркістан облысының таеквондо (WT) федерациясының конференциясы: фото репортаж

Жиынға Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының бас хатшысы Арал Садықов, федерацияның спорт жөніндегі вице-президенті Сұлтан Қасымов және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жоғары спорт жетістіктерін дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Жандос Керимбеков қатысты. Сондай-ақ конференцияға өңір бапкерлері, төрешілер және таеквондо ардагерлері келді. Шара барысында Елдос Ахметов Түркістан таеквондо (WT) федерациясының президенті болып тағайындылды
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, және Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».