Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын маңызды белгілер. Олар халықтың бірлігін, тарихын және ұлттық құндылықтарын бейнелейді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданған. Бұл күн жыл сайын Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді.

Мемлекеттік Ту

Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көгілдір түсті тік төртбұрышты мата. Оның ортасында күн мен оның сәулелері бейнеленген, ал төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бар. Тудың сабы жағында ұлттық өрнек орналасқан. Барлық бейнелер алтын түсті.

Ту бейбітшілік пен бірлікті, еркіндік пен даму жолындағы ұмтылысты білдіреді. Оның авторы — Шәкен Ниязбеков.

Мемлекеттік Елтаңба

Мемлекеттік Елтаңба

Мемлекеттік Елтаңба дөңгелек пішінді. Оның ортасында шаңырақ бейнеленген, ол ортақ үй мен халық бірлігінің символы болып табылады. Шаңырақтан таралған уықтар күн сәулесін бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпарлар, жоғарғы бөлігінде жұлдыз, төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» жазуы орналасқан.

Елтаңба елдің тұрақтылығы мен дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Мемлекеттік Әнұран

Мемлекеттік Әнұран — елдің рухын, патриотизмін және ұлттық мақтанышын білдіретін басты музыкалық рәміз.

Қазіргі Әнұран 2006 жылы «Менің Қазақстаным» әні негізінде қабылданды. Әннің музыкасын Шәмші Қалдаяқов жазған, сөзін Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев өңдеген.

1.
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны, Еліме қарашы!
Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

2.
Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!

Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Біздің мекенжай

Астана қ., Қонаев көшесі 12/1, TRUST БО, 7 қабат, 712 кабинет