Қазақстан құрамасы Азия ойындарына дайындыққа кірісті
Таеквондодан Қазақстан құрамасы XX жазғы Азия ойындарына дайындық аясында Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастады.

Таеквондодан Қазақстан құрамасы XX жазғы Азия ойындарына дайындық аясында Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастады.
25 тамызда басталған жиын 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Дайындыққа Қазақстан құрамасының спортшылары мен Ираннан шақырылған спарринг-серіктестерді қоса алғанда, барлығы 27 спортшы қатысуда. Сонымен қатар оқу-жаттығу процесіне Ираннан арнайы шақырылған білікті мамандар да тартылған. Бірлескен жиын барысында спортшылардың физикалық және тактикалық дайындығын жетілдіруге, халықаралық тәжірибені арттыруға басымдық беріледі.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, және Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».