РЕСПУБЛИКАДАҒЫ СПОРТ МЕКТЕПТЕРІ ТАЕКВОНДО ЖАБДЫҚТАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың бастамасымен және Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиевтің тапсырмасымен республикадағы бірқатар спорт мектептері арнайы таеквондо жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

Жаңа спорттық жабдықтар «Шаңырақ» спорт мектебіне, Республикалық спорт колледжіне (РСК) және Кәркен Ахметов атындағы Республикалық мамандандырылған олимпиада резерві мектеп-интернат-колледжіне тапсырылды.
Жабдықтарды спорт мекемелеріне Қазақстан таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов пен Федерация вице-президенті Сұлтан Қасымов арнайы табыстады.
Бұл бастама елімізде таеквондоны дамытуға, спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жас спортшылардың сапалы жаттығуына қажетті жағдай жасауға бағытталған.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы өңірлердегі спорт инфрақұрылымын қолдау және жас спортшыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, және Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».