Таеквондодан (WT) Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы
1–3 қазан күндері таеквондодан (WT) Қазақстан құрамасы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындарында бақ сынайды.

Жапония даянгында ел намысын 7 таеквондошы қорғайды.
Қыздар: Рита Бакишева (-49 кг) Тоғжан Қазнабек (-57 кг) Назым Махмутова (+67 кг)
Ерлер: Тамирлан Тлеулес (-58 кг) Самирхон Абабакиров (-68 кг) Батырхан Төлеуғали (-80 кг) Бейбарыс Қаблан (+80 кг)
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ және туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».