Виртуалды таеквондодан Рита Бакишева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Виртуалды таеквондодан Рита Бакишева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан жарыстар өтуде.
Отандасымыз жартылай финалда Филиппин спортшысы Жеус Габриэль Дерик Япеге 0:2 есебімен жол берді. Нәтижесінде Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды.
Ол бұған дейін алғашқы айналымда иорданиялық Мохаммад Аладарбиді 2:0 есебімен жеңсе, ширек финалда үндістандық Кашиш Маликтен 2:1 есебімен басым түскен еді.
Айта кетейік, Рита Бакишева бүгін 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде де ел намысын қорғайды.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ және туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».