← Барлық жаңалықтар

Мария Севостьянова — Гран-при сериясының қола жүлдегері

Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова Франция астанасы Парижде өткен World Taekwondo Grand Prix Series турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Мария Севостьянова — Гран-при сериясының қола жүлдегері

Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова Франция астанасы Парижде өткен World Taekwondo Grand Prix Series турнирінде қола медаль жеңіп алды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жарысты сәтті бастап, алғашқы жекпе-жекте Тайбэй өкілі Вей Чун Линді 2:0 есебімен жеңді. Кейін венгриялық Лука Патакфалвиден де дәл осындай есеппен басым түсті.

Одан кейінгі кезеңде өзбекстандық Мадина Марабзолаваны 2:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Шешуші кезеңге өту үшін өткен жартылай финалдық кездесуде Мария әлем чемпионы, бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшы Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Біздің мекенжай

Астана қ., Қонаев көшесі 12/1, TRUST БО, 7 қабат, 712 кабинет