← Барлық жаңалықтар

Алматы облысы таеквондо (WT) федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Алматы облысы таеквондо (WT) федерациясының президенті болып Ясин Мұрат Даулетнұрұлы тағайындалды.

Алматы облысы таеквондо (WT) федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Өңірлерде таеквондоны (WT) дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Алматы облысы таеквондо (WT) федерациясының президенті болып Ясин Мұрат Даулетнұрұлы тағайындалды.

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Игнатұлы Шамиевтің тапсырмасымен өткен жиынға федерацияның бас хатшысы Арал Садықов қатысты. Ол жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында жаттықтырушыларды қолдау, жас спортшыларды даярлау және балалардың таеквондомен айналысуына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиынға Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жансерік Сабырқанұлы Әдиахметов те қатысты. Арал Садықов өңірде таеквондоның (WT) дамуына көрсетіліп отырған қолдау үшін оған алғыс білдірді.

Өңірлік федерациялармен байланысты нығайту және өзара ынтымақтастықты дамыту — Қазақстанда таеквондоны (WT) өркендетудің маңызды бағыттарының бірі.

Біздің мекенжай

Астана қ., Қонаев көшесі 12/1, TRUST БО, 7 қабат, 712 кабинет