Таразда Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының Пумсэ бағыты бойынша вице-президент тағайындалды.
Меңдікеев Қанат Болатбекұлы Федерацияның Пумсэ бағыты бойынша вице-президенті болып тағайындалды.

Бүгін Тараз қаласында Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының Пумсэ бағытын дамытуға арналған отырысы өтті.
Жиын барысында Меңдікеев Қанат Болатбекұлы Федерацияның Пумсэ бағыты бойынша вице-президенті болып тағайындалды.
Отырысқа Федерацияның бас хатшысы Арал Садықов, вице-президенттер Надежда Хамитова мен Сұлтан Қасымов, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген Пумсэ жаттықтырушылары қатысты.
Жиынның құрметті қонақтарының қатарында Қазақстанда таеквондоның Пумсэ бағытының негізін қалаушылардың бірі Григорий Борисович Тен де болды.
Кездесу барысында Қазақстанда Пумсэ бағытын одан әрі дамыту, өңірлердегі жұмысты жүйелеу және жаттықтырушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.