Ықылас Ақзамов Ақтөбе облысы таеквондо (WT) федерациясының президенті болып тағайындалды
Ақтөбе қаласында Ақтөбе облыстық таеквондо (WT) федерациясының кезектен тыс отырысы өтті.

Жиынға Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов, Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының Бас хатшысы Арал Садықов, өңірлік федерация өкілдері мен жаттықтырушылар қатысты. Отырыс барысында Ықылас Ақзамов Ақтөбе облыстық таеквондо (WT) федерациясының президенті болып тағайындалды. Жиында бұған дейін федерацияны басқарған Жалғасбек Иманбаев өңірде таеквондоны дамытуға қосқан үлесі атап өтіліп, атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді. Жаңа президенттің алдында өңірдегі таеквондоны одан әрі дамыту, спортшылар мен жаттықтырушыларға қолайлы жағдай жасау, жас спортшыларды қолдау және республикалық әрі халықаралық жарыстардағы нәтижелерді арттыру міндеттері тұр. Жиын соңында Ықылас Бисенғалиұлына жаңа қызметінде сәттілік тілеп, Ақтөбе облысында таеквондоны дамыту жолындағы алдағы жұмыстарға табыс тіледі.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ және туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».