Қаз

10-11 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ӨТЕТІН КҮНДЕРІ МЕН ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

10-11 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ӨТЕТІН КҮНДЕРІ МЕН ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде 10-11 жастағы балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын дайындау және өткізу тақырыбы бекітілді.

Отырыс барысында 10-11 жастағы балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын Ақтау қаласында, 2023 жылдың 22 маусым мен 26 маусым аралығында өткізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, отырыста басқа салмақ категорияларын енгізу мәселесі талқыланды.