Қаз

ДИСКВАЛИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

ДИСКВАЛИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы» ҚБ (бұдан әрі — Федерация) 01.12.2023 жылы Астана қаласында өткен Федерацияның жоғарғы органы — Конференцияның отырысында Алматы қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын жаттықтырушы Төлеген Тілеумұратовқа қатысты тәртіптік шаралар қабылдау туралы мәселе қаралғанын, оның қорытындысы бойынша Конференция мүшелерінің көпшілік дауысымен аталған жаттықтырушы таеквондо (WT) спорт түріне, жаттықтырушыларға, төрешілерге, жарысты ұйымдастырушыларға және таеквондоның басқа да мамандарына құрметсіздік көрсеткені үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының спорттық этикасын жүйелі түрде бұзғаны үшін екі жыл мерзімге таеквондодан (WT) аймақтық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысудан шеттетілді.

Бұл ретте дисквалификация, оның ішінде жоғарыда аталған барлық жарыстарда спортшыларды секундаттаудан шеттетуді, даянгке спортшыларды алып шығуды, халықаралық жарыстарда тіркелу үшін WT халықаралық лицензиясынан айыруды қамтиды.

Сондай-ақ, Конференция мүшелерінің аталған шешімімен Төлеген Тілеумұратов Қазақстанның таеквондо қауымдастығында нон грата тұлғасы болып жарияланды.