Қаз

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ (WT) DAEDO INTERNATIONAL ӨНДІРУШІСІМЕН ДЕМЕУШІЛІК КЕЛІСІМ ЖАСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ (WT) DAEDO INTERNATIONAL ӨНДІРУШІСІМЕН ДЕМЕУШІЛІК КЕЛІСІМ ЖАСАДЫ

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы Бакуде өтетін әлем чемпионатында Daedo фирмасының добоктарында өнер көрсетеді, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Қазақстандық Таеквондо Федерациясы (WT) жекпе — жекке арналған жабдықтар мен спорттық жабдықтардың жетекші өндірушісі Daedo International-мен демеушілік келісім жасады. 

Daedo өнімдері WTF — Дүниежүзілік Таеквондо Федерациясының аккредитациясына ие, 1987 жылдан бастап Олимпиада ойындарының, WTF әлем чемпионаттарының және турнирлерінің ресми демеушісі болып табылады.