Қаз

ҚТФ ПРЕЗИДЕНТІ ВЯЧЕСЛАВ КИМ ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫН ЕКІ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚТФ ПРЕЗИДЕНТІ ВЯЧЕСЛАВ КИМ ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫН ЕКІ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстандық таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Константинович Ким команданы Азиялық іріктеу турниріндегі тамаша жетістігімен — 2024 жылғы Олимпиада ойындарына екі лицензияны жеңіп алуымен құттықтады.

Вячеслав Константиновичтің айтуынша, бұл жетістік спортшыларды даярлаудың жоғары деңгейінің, сондай-ақ Қазақстан таеквондо федерациясы мен қоғамдастығының қажырлы еңбегінің дәлелі болды.

«Батырхан Төлеуғали мен Самирхон Абабакиров қарсыластарына жеңіске жетуге бірде-бір мүмкіндік қалдырмай, қойылған міндеттерді тамаша орындады. Сіздер жеңіп алған олимпиадалық лицензиялар – сіздердің талантыңыз, шеберлігіңіз және жеңіске деген ұмтылысыңыз үшін үлкен, лайықты марапат. Сіздер өздеріңіздің жақындарыңызға, тәлімгерлеріңізге және көптеген жанкүйерлеріңізге ұмытылмас қуаныш сыйладыңыздар!»

Президент 17 жастағы Батырхан Төлеуғали мен 20 жастағы Самирхон Абабакиров жақында ғана ересек құрамға ауысып, өздерін халықаралық аренада көрсетіп, нағыз жауынгерлік сипат пен рух күшін көрсеткенін атап өтті.

«Жас спортшыларды қолдау Федерация үшін басымдық болып табылады, өйткені олардың жетістіктері елімізде спортты дамыту үшін күшті ынталандыруға айналуда. Батырхан мен Самирхон таеквондода жаңа биіктерге жететініне сенімдімін, оларға денсаулық және алдағы Олимпиадаға табысты дайындық тілеймін!»

Естеріңізге сала кетейік, Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) мен Самирхон Абабакиров (58 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) Қытайдың Тайань қаласында Азиялық іріктеу турнирінің финалына сенімді түрде шығып, Париждегі ойындарға олимпиадалық лицензия иегерлері атанды.

Вячеслав Константинович сонымен қатар Джансель Дениз бен Мария Севостьянованың өнерін атап өтіп, спортшылар Олимпиадаға лицензия ала алмағанына қарамастан, қыздарға табандылығы мен спортқа деген адалдығы үшін ризашылығы мен құрметін білдірді.

«Сәтсіздіктер – бұл жаңа жетістіктерге итермелейтін уақытша қиындықтар. Мен жанкүйерлердің көп нәрсеге үміттенгенін білемін, бірақ Джансель мен Мария шынымен жұмыс істеді және тырысты. Олардың жарыс жолындағы көрсеткен өнерлері болашақта қыздардың жас ұрпағын таеквондомен айналысуға, жоғары нәтижелерге ұмтылуға және халықаралық аренада табысқа жетуге шабыттандыратынына сенімдімін», – деді ҚТФ Президенті.