Қаз

ДИСКВАЛИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

ДИСКВАЛИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы 2023 жылғы 16-19 қараша аралығында Түркістан қаласында Сүйіліш батырды еске алуға арналған республикалық турнирдің ұйымдастырушыларына, таеквондо (WT) спорт түріне және төрешілерге құрметсіздік білдіргені үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорттық этикасын өрескел бұзғаны үшін Федерацияның атқарушы комитеті бюросының шешімімен (22.11.2023 ж. №8 хаттама) Астана қаласының жаттықтырушысы Абдирашев Сапарғали Назаралыұлына қатысты оны таеквондодан (WT) өңірлік, республикалық жарыстарға (спортшы, жаттықтырушы ретінде) қатысудан екі жыл мерзімге шеттету жолымен дисквалификация қолданылды.

Дисквалификация сонымен қатар спортшыларды жарыстарда секундаттаудан, спортшыларды даянгқа алып шығуға шеттетуді, халықаралық турнирлерде тіркелу үшін WT халықаралық лицензиясынан айыруды қамтиды.

Бұл ретте Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы жекелеген спортшылардың, жаттықтырушылардың және таеквондоның басқа да мамандарының қоғамға жат мінез-құлық танытуларына жол бермейтіндігін атап өтеді.