Қаз

ҚАЗАҚСТАНДА ТАЕКВОНДОДАН G-1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ТАЕКВОНДОДАН G-1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Kazakhstan Open халықаралық турнирі елімізге қайта оралуда – бұл жолы Астана қаласында, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Әлемдік Таеквондо келесі жылға арналған жарыс күнтізбесін бекітті. G – 1 сериясының беделді турнирі 2024 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында өтеді.
«Бұл үлкен масштабтағы оқиға болады. Бірнеше күн бойы Қазақстан Әлемдік таеквондо назарында болады. Бұл жарысты ұйымдастыру барлық деңгейлерде таеквондоны дамытуға деген міндеттемеміздің тағы бір дәлелі болып табылады. Сонымен қатар, мұндай айтулы оқиға спортшылардың жаңа буынын жоғары жетістіктерге шабыттандырады. Біз халықаралық федерацияның бізге берген сенімін жоғары бағалаймыз және бүкіл әлем бойынша спортшылары мен спортымыздың жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер қалдыру үшін бар күшімізді саламыз»,— деді ҚФТ Бас хатшысы Олжас Бесбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан осындай деңгейдегі оқиғаны қабылдады. Әлемдік таеквондо жұлдыздары Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында медальдар мен рейтингтік ұпайлар үшін күресті.