Қаз

PRESIDENT’S CUP: ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ 3 АЛТЫН, 1 КҮМІС ЖӘНЕ 2 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

PRESIDENT’S CUP: ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ 3 АЛТЫН, 1 КҮМІС ЖӘНЕ 2 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Таеквондодан Қазақстанның жастар құрамасы Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен President’s Cup турнирінде жасындай жарқырады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Нұрболат Жаңбыров бастаған құрама үш алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер:

1-орын:

Әділ Тілеуғабылов (63 кг)

Батырхан Тілеуғали (73 кг)

Әлібек Нұрғазы (45 кг)

2-орын:

Ануар Мұхамедкаримов (59 кг)

3-орын:

Рамина Таирова (44 кг)

Акрамат Долгиев (55 кг)