Қаз

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫ​​ЛАР FUJAIRAH OPEN-ДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫ​​ЛАР FUJAIRAH OPEN-ДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

5 ақпан күні БАӘ-нің Фуджейра қаласында таеквондодан халықаралық Fujairah Open турнирі басталады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Осымен оныншы рет ұйымдастырылатын аламанға әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысады. Ал қазақстандық таеквондошылар төрт жас деңгейі бойынша сынға түседі.

8-11 жас аралығы – 260 спортшы

Жасөспірімдер – 323 спортшы

Жастар – 308 спортшы

Ересектер – 431 спортшы.

Халықаралық дода 8 ақпанға дейін жалғасады.