Қаз

ҚТФ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ПАРА-ТАЕКВОНДОДАН СПОРТШЫҒА ҚАРА БЕЛДІКТІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАПСЫРУҒА ҚАТЫСТЫ

ҚТФ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ПАРА-ТАЕКВОНДОДАН СПОРТШЫҒА ҚАРА БЕЛДІКТІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАПСЫРУҒА ҚАТЫСТЫ

13 мамыр «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ-да пара-таеквондо бойынша ашық жаттығу өтті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Ашық жаттығу аясында пара-таеквондодан жас спортшы Эвелина Фасхутдиноваға қара белбеу салтанатты түрде табысталды.

Тапсыру рәсіміне ҚТФ вице-президенттері Қанат Сағынаев пен Арман Чилманов қатысты.

Церебральды сал ауруы мен есту қабілетінің бұзылуына қарамастан, 15 жастағы Эвелина 2017 жылдан бастап пхумсэ бойынша адаптивті таеквондо бөліміне қатысады. Спортшы пара-таеквондодан қалалық чемпионаттарға, сондай-ақ Балалар Паралимпиада ойындарына бірнеше рет қатысты.

«Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асыруда, оның шеңберінде серіктестер мен демеушілердің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тегін инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі ашылды.

Бүгінгі таңда жоба Қазақстанның 21 елді мекенінде/қаласында іске асырылды: Астана, Арал, Алматы, Қарағанды, Ақсу, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Жаңаарқа, Абай, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Тараз, Семей Қостанай, Қаратау және Құлан, , Ұржар ауылдарында.